Олимп. Ерекше балаларға арналған спорттық орталық

Ерекше балаларға арналған спорттық орталықты медициналық орталықпен шатастыруға болмайды. Бұл жерде дәрі-дәрмекпен емдемейді, массаждар жасамайды. Керісінше, соларсыз-ақ әлдеқайда жылдам сауығып кетуге болатын жолды көрсетеді. Бұл - спорттың жолы. Әсіресе, тірек қимыл аппараты бұзылған, яғни, халық аузында ДЦП аталып кеткен дертке таптырмас дауа.