Олимп. Паралимпиадалық жаттығу орталығы

Қазақстан спорты өздігінен өмір сүріп үйрене бастады. Яғни, бұрынғындай кез-келген нәрсе үшін Үкіметтен қаржылық қолдауды күтпей, кейбір мәселелерін өзі-ақ шешіп алатын деңгейге жетті. Оның айқын дәлелі қазір Астанада жеке инвестициялардың көмегімен 8 бірдей спорттық нысан салынып жатыр. Оның бірі осы паралимпиадалық орталық.  Ресми атауы - паралимпиадалық жаттығу орталығы. Оның құрылысына еліміздегі танымал кәсіпкер және ұлттық паралимпиадалық комиттеттің президенті Қайрат Боранбаев тікелей мұрындық болды.