Олимп. Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру - бұл өзіндік ерекше құжат қой. Онда нақты көлемге қатысты, белгілі бір санға қатысты не миллиондаған қаржыны игеруге қатысты көп ештеңе айтылмаған. Ал, біздің елдегі сала басшылары, әдетте, осы аргументтерге сүйеніп қана жұмысты дөңгелететін. Сондықтан ең алдымен рухани жаңғыруды олардың қалай түсінетіндігі қызық болды. Әсіресе, спорт саласында. Өйткені, бұрын соңды бұндай жағдай болмаған.