Олимп. Панкратион федерациясы атқаратын нақты қызметтер

Қазақ жігіттерінде күш те бар, қайрат та бар, рух та бар, айбат та бар, бірақ, неге әлі күнге дейін әлемді аузына қаратқан атақ жоқ? Олар неге тар залдарда жаттығуға мәжбүр және ел абыройын қорғау үшін неге қаржы іздейді? Ал, енді ең басты сұрақ - қазақ Конорлары қашан шығады және қазақ Хабибтерінің жұлдызы қашан жанады? Міне, көпшілік көкейінде жүрген сауалдардың жауабын Астанадағы спорт жанашырлары тапқандай. Жақында олар панкратион федерациясын құрды және сол арқылы жоғарыдағы мәселелерді түбегейлі шешетініне сенімді.