Олимп. Тазыны қашан патенттейміз?
Біз өзі қызық халықпыз. Құмай тазыны ұлттық құндылықтар қатарына қосамыз, оны «қазақтар шығарған» деп кеудені соғамыз және «жеті қазынаның бірі» деп жар саламыз.
Ал іс жүзінде патенттеуге келгенде тым-тырыспыз. Дәл осылай бұған дейін киіз үй мен қымызымызды заңды тіркеуден кешігіп, басқа елдердің еншісіне берген едік. Ал отандық мамандар тазыға қатысты да осы жағдай қайталанама деп қорқады.