389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимп. Отандық ерлер хоккейінің қарқыны қандай?

  • 596

Қазақ хоккей ойнай алмайды деп кім айтты? «Астана» хоккей клубының жетекшісі Рустам Ибраев біздің түсірілім топты дәл осы тіркеспен қарсы алды. Расымен де командада қаракөздер өте көп және ол 100 пайыз жастардан құралған. Сәйкесінше жастар арасындағы Әлем чемпионаты болсын жасөспірімдер арасындағы жарыстар болсын, студенттер арасындағы Универсиада болсын, ел намысын дәл осы жігіттер қорғайды. Ал Алматыда өтетін универсиада бұл хоккейшілер үшін жүлде жолындағы жарыстан гөрі,  дамудың екінші демі дегенге келіңкірейді. Өйткені әлемдік додадан кейін жастардың осы спортқа назары ауады, қызығуышылығы артады. Иә басқа басқа дәл осы ерлер хоккейінен Қазақстан құрамасында жүлде болады. Бұған отандық мамандар үміттен гөрі, сеніммен қарайды. Өйткені студенттер құрамасы өз мықтылығын осының алдындағы бірнеше Универсиадада дәлелдеген. Бүгін біз дүбірлі додада ел намысын қорғайтын жігіттердің дайындығын көріп қайттық.

Хабар 24 телеарнасы