374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимп. Жеңіл атлетика

  • 284

Жеңіл атлетиканы неге о баста «жеңіл атлетика» деп атап кеткенін мен мүлде түсінбей қойдым. Өйткені, бұндағы спорт түрлерінің қай-қайсы да өте күрделі. Тіпті,  кішкентай ғана жетістікке жетудің өзі жылдар бойғы жаттығуды, темірдей төзімді және бірқатар ауыр жарақатты бастан кешуді қажет етеді. Яғни, бұнда жеңіл ештеңе де жоқ. Әңгімемізді жүгіруден бастайық. Өйткені, бұл жеңіл атлетиканың негізі саналады. Басқа жағынан бізге біраз жақындығыды да бар. Яғни, 2000-шы жылдары Шишигина әкелген олимпиадалық алтын әлі есте шығар. Ал, қазір бұндай нәтижені тіркеу жерлестеріміз үшін нағыз қол жетпес арманға айналды. Бұл жерде отандық спортшылардың осалдығы емес, әлемдік бәсекенің мықтылығы негізгі фактор.

Хабар 24 телеарнасы