428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимп | Онлайн-жарыстар

  • 32

Расымен де, онлайн жарыстар қазір спорт әлемінің ажырамас бөлігіне айналды. Ал, осыдан бірер ай бұрын көпшілік оған күмәнмен қараған еді. Тіпті, мысқылдағандар да болды. Өйткені, кәдімгі жарысты ештеңе алмастыра алмайтындай көрінген. Елорда әкімдігі алғаш болып жүгіру мен велоспорттан онлайн бәсеке ұйымдастырды. Ол кезде басқа амал да болмады. Карантин талаптарының нағыз қатаң шағы ғой. Сөйтіп, бір-екі бастамадан кейін жұрттың көзқарасы өзгергенін байқадық. Қазір, тіпті, керісінше, жарыс өтеді десе, онлайн ба, әлде, дәстүрлі ме деп сұрайтындай деңгейге жеттік. Өйткені, алғашқысы аз уақыт аралығында өзінің әлдеқайда тиімді екенін дәлелдеп үлгерді.

Хабар 24 телеарнасы