431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуелсіздік сарайы спорт мектебі болды | Олимп

  • 38

Тәуелсіздік сарайы гимнасшыларға берілді. Иә, елорданың қақ төріндегі мына бір ғимарат әп-сәтте спорттық мектепке айналды. Сөздің шыны керек, бұндай тартуды ешкім күткен жоқ. Гимнасшылар да, бапкерлер де, жасыратын несі бар, тіпті, өзіміз де аң-таңбыз. Өйткені, нысан жаһандық жиындар мен халықаралық саммиттерді қабылдауға салынған еді. Ал, енді көркем гимнасшылардың қолданысына беріліп, болашақ чемпиондар даярлығына қызмет етпек. Қалай болғанда, бұл отандық спорт саласындағы елеулі оқиға әрі тәуелсіздік мерейтойындағы керемет бастама ретінде тарихта қалатыны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы