476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Щучинск қаласында Қысқы Олимпиада қорытындыланды | Олимп

  • 151

Қазақстан құрамасы бұған дейін де Олимпиададан құралақан қайтқан кездері болды. Бірақ дәл осы жолғы сәтсіздік қатты сынға алынып жатыр. Өйткені, ел бюджетінен миллиардттаған қаржы бөлінді. Басқа жағынан Токио Олимпиадасында масқара болғанымыз бар. Яғни жазғы ойындардан спортшылар алғаш рет алтынсыз оралды. Енді қысқа аралықта есті жинап, есесін қысқы ойындарда қайтара ма деп едік. Жоқ. Үмітіміз бекер боп шықты. Саланың басы-қасындағылар енді өткенге сараптама жасап, олқылықтың нақты қайдан кеткенін іздеп әлек. Сәйкесінше соған жауаптылар да қызметтен кетуі керек. Бірақ Щучинскідегі жиында үлкен ауыс-түйіс жайында ештеңе айтылмады. Тек бірер бапкер ғана орындарын босатады.

«Олимп» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

 

Хабар 24 телеарнасы