476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Паралимпиада-2022: Байрақты бәсекедегі спортшыларымыздың қызықтары мен қиындықтары | Олимп

  • 83

Бұл жолғы олимпиада ел үшін сәтті болмады. Себебі ұлттық құрамадағы қыз-жігіттер бірде-бір жүлде ала алмай, құралақан қайтқан еді. Олардың есесін паралимпиадашылар қайтарды. Иә, осылай нық сеніммен айта аламыз. Өйткені, Бейжіңдегі бәсекеге 5 спортшымыз ғана аттанды. Олар қос бағыт бойынша яғни, парашаңғы мен парабиатлонда бағын сынаған. Араларынан Александр Герлиц жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ол алғашқы жарыс күндері 10 шақырымдық парбиатлонда үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына алғашқы медальды салды. Солтүстік Қазақстандық спортшы нысана көздеуде 3 рет мүлт кетті. Салдарынан жеңімпаздан 1 минут 21 секундқа қалып қойды. Алтын медаль канадалық Марк Арендцке, ал, күміс украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.

«Олимп» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы