476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Дзюдо шеберлерінің үздіктері анықталды | Олимп

  • 122

Ел үздіктері анықталды. Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл басында дзюдо шеберлерінің бәсекесі өтті. Жастар арасындағы аламанды Ақтау, ал жасөспірімдер жарысын Нұр-Сұлтан қаласы қабылдады. Нәтижесінде үздік атанғандар ұлттық құрамаға алынды. Сәйкесінше, алдағы құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайды деген сөз. Бұның барлығын, бекер тізбелеп отырғаны жоқ. Себебі дәл осы өрендер ертең ересектерді алмастырады. Негізгі резерв. Сондықтан олардық қарым-қабілеттері мен аяқ алыстары жіті назарда болды.

«Олимп» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы