Өнеркәсіп. Шыны өндірісі

Өткен жылдары қаржылық дағдарыстың салдарынан шыны өндірісінің дамуы тоқтап қалған еді. Бірнеше ірі кәсіпорын жабылып, талай адам жұмысынан айырылды. Алайда қазір бұл сала біртіндеп өркендеп келеді. Оған Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысы дәлел.