Өнеркәсіп. Мақта өнімі
Түркістан облысы бүкіл еліміздің бренді бола алатындай мақта шығаруға мүдделі. Қазақстанда тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі нарықты тек 10 процентке ғана қамтамасыз ететінін ескерсек, мақта өнеркәсібін дамыту маңызды болып табылады. Сондықтан егіс алқаптары жыл сайын артып келеді.