387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық медицина. Эндометриоз

  • 959

Эндометриоз - морфологиялық және функционалдық жағынан жатырдың шырышты қабатының эндометрийіне ұқсас ұлпалардың патологиялық, қатерсіз ісік түрінде ұлғаюы. Жыныс жүйесінің әртүрлі бөліктерімен қатар, оның сыртқы жағында, яғни қуықтың, ішектің шырышты қабатында, бүйір жақ қабырғасында, кіші жамбас бөлігінде, өкпеде, бүйректе және адам ағзасындағы басқа да мүшелерде кездеседі. Эндометриоз - гинекологиялық аурулар арасында таралуы жағынан қабыну процестері және жатыр миомасынан кейінгі үшінші орында. Ол 25-40 жас аралығындағы репродуктивті жастағы әйел адамдарда пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы