378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық медицина. Псориаз

  • 520

Псориаз – ақшыл-күңгірт түсті қабыршақтары бар дөңес қызыл дақтардың пайда болуы арқылы білінетін кең таралған созылмалы тері ауруы. Статистикаға сүйенсек, бұл кеселмен бүкіл әлем халқының 3%-ы күресіп келеді. Әдетте бұл ауру бас, шынтақ, тізе буындары және арқаның төменгі бөлігінің терісін зақымдайды. Тырнақ пен буындардың псориазы да кездеседі, дегенмен мұндай түрлері тері зақымдарына қарағанда сирек ұшырасады. Кесел кез келген жаста дами түсуі мүмкін. Отандық медицина бір орнында тұрмай, емдеу әдіс-тәсілдеріне жаңа технологияларды енгізіп келеді. Псориазға қарсы ем-дом шаралары мен физиопроцедуралар біздің елдегідей барлық мемлекетте тегін жасала бермейтінін айта кету керек. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы