387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық медицина. Ретинобластома

  • 1065

Ретинобластома - көз іші қатерлі ісігі, ол әсіресе балаларда жиі кездеседі. Бүлдіршіндер арасындағы ретинобластома 90%-ды құрайды және жоғары қатерлілігімен сипатталады. Жыл сайын әлемде ретинобластоманың 8000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады, оның ішінде 570-810-ға дейінгі дерек нәрестелер үлесінде. Ретинобластома көз алмасын түгелімен ісік тіндерімен басып, көру жүйкесіне, көз ұясына, миға зақым келтіру сияқты агрессивті сипатқа ие. Ісік адамды көру қабілетінен айырумен қоса, метастаздың және өзге органдарда екінші қатерлі ісіктің дамуына әсер етуі мүмкін. Қолда бар мәліметтер бойынша, жыл сайын елімізде 20-25 бала ретинобластома дертіне шалдығады.  

Хабар 24 телеарнасы