365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық медицина. «Үміт» томотерапия және ядролық медицина орталығы

  • 382

Жақында Астанада «Үміт» томотерапия және ядролық медицина орталығы ашылады.  Демек, томотерапия әдісінің арқасында қатерлі ісіктің барлық түрін емдеуге болады. Бұл әдістің көмегімен осы уақытқа дейін радиосәулелік емдеу құрылғысының немесе операцияның көмегімен емделмей келген обыр түрлерін емдеп-жазуға болады. Мысалы, омыртқа мен мидың шырышты қабаттардың ісігі, басқа да дене мүшелері қатерлі ісігінің бастапқы кезеңі, метастазды рак, қайталанған ісік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, 2020 жылға таяу қатерлі ісікке шалдыққандар мен оның салдарынан көз жұмғандар саны әлем бойынша бір жарым, екі есеге дейін артады. Қазіргі таңда Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан 176 мың адам диспансерлік есепте тұр. Жыл сайын 34 мыңнан астам адамнан онкопатологияның алғашқы жағдайларын анықтайды және 25 мыңнан астам адам жан тәсілім етеді.

Хабар 24 телеарнасы