Отандық медицина. Жүрек аурулары
Денсаулығы қалыпты адамның жүрегі минутына 60-80 рет соғады. Жүрек қағысының ауытқуы тахикардия немесе брадикардия ауруларының пайда болуына әсер етеді. Жүрек ауруларының ішінде өлімге себеп болатын жағдайлардың 10-15%-ы көбіне жүрек соғысының бұзылуынан болады.