388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отбасылық бюджет. Үйге сапалы әрі үнемді жөндеу жұмыстарын қалай жасау керек?

  • 787

Әдемі, жайлы әрі ыңғайлы үй – жанның рахаты, көтеріңкі көңіл-күй мен береке-бірліктің кепілі. Үйге жасалатын косметикалық жөндеу жұмыстары да, күрделі жөндеу жұмыстары да көлемді шығындарға алып келетіні анық, бірақ оны дұрыс ұйымдастыру арқылы қалаған нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан қаражатыңыз жетпей қалады деп тартынбай, дер кезінде бастап кетіңіз. Бастысы, бақылауда ұстаңыз және үнемнен аспай әрекет етіп, шын шеберді іздеп табыңыз. Сарапшылар отандық өндірістің тауарлары мен өнімдерін таңдауға кеңес береді. Олар қолжетімді, әрі сапалы. Қаражатыңыз өлшеулі болса, брендке айналған өнімдерге артығымен төлеудің тіпті қажеті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы