425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Халық санағы басталады | Өзекті

  • 78

Елімізде халық санағы басталмақ. «Оның қажеті не?» деп айтыстық, сосын «осынша шығын шығаруға тұра ма?» деп тағы таластық. Сөйтіп жүріп ақыры өткізілетін болды. Егемендік алғалы осымен үшінші рет өткізілгелі жатыр. Ерекшелігі сол, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әуелі оған онлайн түрде қатысасыз. Егер компьютер тілін білмеген жандар болса мамандар бір айдан кейін үй-үйді аралауға көшеді. Тіркелмей қалғандарды сол кезде тізімге алмақшы. Санақ кезінде қандай сұрақтар қойылады? Сіз туралы бұл мәліметтер не үшін қажет? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы мәселе туралы айтпақпыз.

Хабар 24 телеарнасы