loader


Әрбір жетінші отбасы пәтер жалдайды | Өзекті

Елімізде әрбір жетінші отбасы пәтер жалдайды. Статистика жүргізетін мамандар осындай дерекпен бөлісті. Сөздеріне сенсек, баспанасы бар бұқараның төрттен бірі бір үйде төрт немесе бес адам болып тұрады. Алпауыт мемлекеттерде көрсеткіш бізден төмен. Бірақ олардың өмір сүру салты бізден бөлек екенін де ескеру керек. «‎Түтін шыққан үй жылы,төскейлей шыққан күн жылы» дейді. Мұның мәнін ұғу үшін том-том кітап парақтаудың қажеті жоқ. Біздегі әрбір азамат өз үйім болса деп армандап, баспаналы болуға барын салып жатады. Бірақ биылғы жылы банктердің ипотека беруі қиын болуда. Оның себебі неде екенін «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында айтамыз.


Сондай-ақ...