loader


Шенеуніктерді барлығы енді премия алмайды | Өзекті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 15 млн теңге сыйақы алған. Бұл ақпаратты Мемлекеттік қызмет істер агенттігі растады. Сала басшысына бұл премия былтыр беріліпті, бірақ мәлімет тек осы аптада ғана тарады. Мұны естіген көпшілік шамырқанып шыға келді. Әлеуметтік желіде «министрге мұндай ақшаны қай еңбегі үшін беріп жатыр?» деп сауал тастағандардың қарасы көбейіп кетті. Шыны керек, мұндай жайт біздің елде биыл да болған. «СК-Фармация» қызметкерлеріне жазда 179 млн теңге көлемінде премия таратылып еді. Ол кезде де бұқара наразылық танытқан.

Шу көбейіп кеткен соң Мемлекеттік қызмет істер агенттігі шенділерге сыйақы беру тертібіне өзгеріс енгізуді қолға алыпты. Олар қолданыстағы заңды түзетеміз деп білек сыбанып отырған көрінеді. Бұдан былай шенді-шекпенділердің барлығына ақшаны оңды-солды таратпаймыз деп отыр. Егер заң қабылданатын болса, премиядан кімдер қағылады? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

 

Сондай-ақ...