456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Қолжетімді автокөліктер | Өзекті

  • 142

Қазақстандағы автокөліктердің басым бөлігі яғни, 64% шамамен 10 жыл бұрын шығарылған. Бұл Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпарат. Жыл сайын жолдардағы жаңа темір тұлпарлардың саны азайып келеді, ал олардың бағасы керісінше айтарлықтай қымбаттады.

Кезінде халықты қолжетімді әрі жаңа көлікпен қамтамасыз ету үшін елде проценті төмен несиелер беру бойынша бағдарлама іске қосылды. Оның аясында 30 мыңнан астам азаматтарымыз темір тұлпарларын жаңартуға мүмкіндік алды. Банктер жалпы сомасы 159 млрд теңге болатын қарыз берген. Өкінішке орай, бұл бағдарлама ұзаққа созылғаны жоқ. Соңғы бірнеше жылда жеңілдікпен несие беру тоқтатылды.

Сонымен қазақстандықтар қашан тиімді мөлшерлемемен көлік сатып ала алады? Жаңа бағдарламаның шарттары қандай? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.


Хабар 24 телеарнасы