476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Алмақтың да салмағы бар | Өзекті

  • 151

Қаржы министрлігі құнды қағаздардың бірден екі шығарымын нарыққа орналастырды. Сөйтіп 15 жылға 25 млрд теңге қарызға алды. Ең сорақысы берешектердің пайыздық мөлшерлемесі шамамен 13%. Файнес телеграм каналының хабарлауынша министрліг мұнымен шектелмей тағыда 6,5 жылға 23 млрд теңге қарызға алған. 

Осы ретте белгілі сарапшы Андрей Чеботарев мұндай шұғыл шешім қабылдаудың қажеттілігін өткір сынады. Өйткені Қазақстан бұған дейін бағалы қағаздарды аз мерзімге нарыққа орналастырып келген. Алмақтың да салмағы бар. Елдің сыртқы қарызын көбейту қаншалықты орынды? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.


Хабар 24 телеарнасы