Биыл Қазақстанға көшкен шетел азаматтары күрт көбейді. Десе де, елден кетіп жатқан отандастарымыздың көрсеткіші бұдан жоғары. Тиісінше бірқатар салада маман тапшылығы мәселесі пайда болды. Осыған байланысты Үкімет көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын мақұлдады.