Сұхбат. Ербол Тілешов

Студия қонағы – Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры.

Жаһандану заманындағы жаңашылдық аясында өзге тілден енген терминдер тілімізге талғамсыз енгізіліп жатқан жоқ па? Бұл ретте қандай да бір нақты тілдік жүйе бекітілген бе? Себебі дәл бүгінгі қоғам бірізділік ережеге мұқтаж сияқты. Тіпті ана тіліміздегі кейбір сөздердің жазылуына қатысты да пікір екіге жарылып, дау туатын жағдайға жетті. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешовтің сұхбатын ұсынамыз.