Елордада бүгін 145 адамға вакцина салынды
Елордада бүгін 145 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алғашқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова айтты. Оның сөзінше, бұл – жоспарланған көрсеткіштің 73%-і. Екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Медициналық ұйымдар оларды өз бақылауында ұстап отыр.
«Жалпы елордада 6300 дәрігер бар, вакцина бірінші кезекте соларға салынады», - деді Әли Өмірзақова. Әзірге олардың ешқайсысы екпеден бас тартпаған көрінеді.