Қаржы алаяқтары кімдер?
Күн тәртібінде «Қаржы пирамидасы қалай алдайды?» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Кеше ғана Елордада жантүршігерлік оқиға болды. Сөйтіп қаржы пирамидасына алданған әйел ішкі істер министрлігі ғимараты алдында өз-өзін өртеп жіберді. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар ара түсіп, ажалдан аман алып қалды. Ендеше тікелей эфир барысында
– Қаржы пирамидасымен қалай күресеміз?
– Алаяқтардың құрығына қалай іліктік?
– Қаржы пирамидасының құрсауынан қалай құтылуға болады?
–Аадамдарды қайтсек солардың апанынан құтқарып қаламыз? – деген тақырыпта спикерлер ой пікірлерін айтты.
Тікелей эфирге байланысқа шыққан спикерлер: адвокат Тілеужан Кішкенебаев, заңгер Абзал Бекбосынов , психолог Лимана Қойшиева, қаржыгер Ләззат Үсенбекова.