«Самұрық-Қазынаны» неге таратып жібермейді?

Ел арасында бұл мәселе де қызу талқыланды. Әлі де қозғап жатқандары бар. Қызығы – кейбір тұрғын тіпті бұл қордың немен айналысатын білмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білмейтін де жөні бар. Өйткені «Самұрық-Қазына» шынында жабық ұйым іспетті. Сондықтан «Самұрық-қазына» елге қандай пайда әкелді деген сауал кім-кімді де ойландырады.

Қаңтардағы қырғыннан кейін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов «Самұрық-қазынаның» сыртқы қарызы 7 жарым трлн теңгеге жетті деп дабыл қаққан-ды. Тіпті ашынған депутат қор активтеріне кешенді аудит жүргізу керек деп талап қойды. Күн тәрібінде хабары алдымен «Самұрық-Қазына» елді қозғаушы күш пе, әлде мемлекетке масыл ма деген сауалды экономист Мақсат Халыққа қойған еді.

Тікелей байланысқа шыққан экономист өз жауабын айтты.

Сондай-ақ хабар барысында мына мәселелер кеңінен талқыланды.

– Демонополизация: бизнесті қандай реформа күтіп тұр?

– «Қазақтелекомды» демонополизациялау қалай жүргізіледі?

– «Қазақтелеком» қандай функцияларын бәсекелестік ортаға беруі керек?

– Демонополизация қарапайым қазақстандықтарға не береді?

Осы сауалдарға жауап беру үшін тікелей эфирге тағы да ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы Ерлан Дүйсен, экономист Бауыржан Ысқақов,  «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Арман Абдрасилов қосылды.