Коуч-тренер алаяқ па?

Алматыда блогерлер 10 шақты азаматты сан соқтырып кетті. Кеше БАҚ беттерінде осы материал қызу талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алданғандардың айтуынша әлгі «коуч-тренерлер» әрқайсысынан 500 мыңға дейін жинап, сабақтарының жартысын өткізіп тайып тұрған. Оған ақы төлегендер болса, сол сабақты оқу үшін банктен тіпті несие алған. Осыған орай «Күн тәртібі» хабарында Коуч-тренер өміріңді өзгертуге көмектесе ме? Тренингке телміргендер кімдер? Қиыншылықтармен қалай күресу керек? – тақырыптары эфир қонақтарымен талқыға салынды.

Спикер: коуч-тренер Ақерке Берлібай, Алматы тұрғыны Лаура Мұратқалиқызы, психолог Серікгүл Сәлі, адвокат Бақытжан Омарханов.