96 жастағы ақтаулық қария Астанадағы ЭКСПО-ны көруге келеді

Ақтаулық майдангер Қайыр Қыдырбаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін көруге арнайы келе жатыр.

96 жастағы соғыс ардагері жолға керек-жарағын өзі дайындап қойған. Қарияның  бір ғасырға жуықтаған ғұмырының сыры – жастайынан салауатты өмір салтын ұстануы. Бір қызығы, кешкі бестен кейін ас ішпейді екен. 1941 жылы соғысқа аттанған ол, екінші Беларусь майданындағы  ұрысқа араласқан. Поляк, неміс қалаларын жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» ордені және жауынгерлік медальдарімен марапатталды. Елге оралысымен, өңірдегі мұнай игеруші кәсіпорында еңбек етіп, зейнет жасында да кен орындарын қазу жұмыстарына атсалысқан. Қазір үш перзентінен 18 немере 35 шөбере сүйіп отыр. Ел тарихындағы маңызды шараны балаларымен бірге тамашалаған соң Астанаға саяхатын Бурабай шипажайында жалғастыруды,, жоспарлап отыр.

Қайыр Қыдырбаев, ҰОС ардагері:

- Астанада үлкен көрме болып жатыр екен. Менде сол көрмені көруге бара жатырмын. Осы балалардың арқасында сол көрмеге бара жатырмын. Еліміз тыныш, халқымыз бейбішілікте болсын.