Жабайы сауда тоқтай ма?

1-сұрақ. Биыл бірнеше базар сүріліп, келесі жылдан бастап олардың орнына зәулім сауда орталықтары салынады деген сөз шықты. Ол қаншалықты дұрыс әрі кімге тиімді деп ойлайсыз?

2-сұрақ. Әрине жылы жерде, әсем ғимаратта сауда жасау жайлы. Бірақ әлгі майда саудагердің шамасы жалға алуға жете бермейді. Ол бірден бағаға да әсер етеді. Шағын бизнестің дамуына бөгет болмай ма? Саудасын жасап, күнін көріп жүргендер қайтеді? Олар қайда барып, сату керек? Әлде әлгі жалға беретін алпауыттардың тәбетін тежейтін қандай да бір құрал бар ма?

3-сұрақ. Қазіргі базар қайнаған орта. Әсем ғимараттағы орталыққа көшкен сәтте тұтынушылар легі де толастай қалады. Олар да енді арзан тауар іздейді ғой. Қазір әлгі «жабайы базар сүріледі» десе біртүрлі болып қалатын да сол арзан тауар алғысы келетіндер. Бұл тұрғыда не айтасыз? Тағы сол қымбатшылық жайлап кетпей ме?