Сұхбат. Ерлан Каримов

Алайда құқықтық сауаттылықтың төмендігінен қарызға батқан халықтың қарасы көбейіп кетті. Сонымен қатар нарықта онлайн-несие беретін мекемелер де қаптады. Мемлекет 15 минуттың ішінде ақша беретін атымтай жомарт ұйымдардың ісіне араласа алмайды. Себебі қазір нарықтағы онлайн-несие беру ісі заң аясында реттелмеген. Сондықтан тұтынушылар қарызын қайтара алмаса, сот арқылы мүліктерінен айырылуы мүмкін. «Бұл саладағы жағдайды шағын несие ұйымдарының жарғылық капиталын көтеру арқылы шешуге болады», – дейді Экономикалық зерттеулер институты кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекші маманы Ерлан Каримов. 

Ерлан Каримов, ЭЗИ кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекші сарапшысы:

– Тұтынушылар толықтай қарызын төлей алмайтын болса, оларды компромисті жолмен банкротқа ұшыратуды қарастыру керек секілді. Екінші деңгейлі банктердің 5 миллиардтан 10 миллиардқа дейін жарғылық капиталы көтерілді. Ол сөзсіз банктерге жағымды әсер етті. Шағын несие беретін ұйымдардың да жарғысын көтеретін болса, ол біздің экономикаға, тұтынушыларға тиімді әсер ететініне сенеміз.

Сондай-ақ...