Сұхбат. Марат Әбсеметов

Жазықсыз қудалауға ұшыраған жандардың есімін елдің есінде қалдыру үшін әлі қандай жұмыстар жасалуы тиіс?

Марат Әбсеметов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Соңғы жылдары біраз жұмыс жасалды. Ескерткіштер де қойылып жатыр, көшелердің аттары беріліп жатыр, кітаптар да шығарылып жатыр. Бірақ әлі де біздің архивтерде талай дүниелер жатыр. Әлі ашылмай жатыр, міне. Сол құпиясын алу керек. Сонан кейін жастар білуі керек. Біз тек өзіміз біліп қана қоймай, жастарға жеткізуіміз керек. Биыл Жастар жылы деп жатыр ғой. Сондықтан тек 31 мамыр күні емес, міндетті түрде жаз болсын, қыс болсын, сол трагедияға байланысты кинолар болса, бір шаралар болса, сондай есте қалатын жағдай. Мына ұлы халықтар, мықтымын деп жүрген халықтар өз қайғысын жақсы біледі. Сол қайғысын білмей, келешек болмайды деп ойлаймын.

Сондай-ақ...