Оқулықтағы олқылықтар салғырттық па әлде сауатсыздық па?

Оқулықта олқылық бар екені биік мінбеде айтылды. Мін тағушы - оқу министрінің өзі. Ол қалай өзі?

Бұған дейін ешкім байқамаған, байқаса да... Жарайды. Осы орайда «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Әділхан Дүйсебекті студияға шақырдық.

1-сұрақ: Оқулықта қате көп дегенді жиі айтатын болдық. Бұл не сонда? Салғырттық па? Сауатсыздық па? Әлде тағы сол қаржыға қарық болу жағы ма?

2-сұрақ. Оқулық сапасын, сапа болғанда тағы сол сауаттылық жағын кім бақылайды? Кім жауапкершілік алады?

3-сұрақ. Оқулық салмағы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да бала көтере алатындай болуы керек қой. Бұл жағы қаншалықты ойдан шығады. Олай дейтініміз, баласы мектепке баратындар кейбір мәтінге бала түгілі өзіміздің де тісіміз батпайды деп жатады.

4-сұрақ. Ұғынғанға бұл ұлы қателік. Оқулықтағы қойыртпақ, кететін қателіктерді айтамыз. Оған ешкім кінәлі емес секілденеді кейде. Өйткені бейжайлық басым. Осы біз сіз бен бізді айтамыз, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті қаншалықты сезінеміз, кейде осы жайын көбірек ойлаймын? Неге қателесе береміз? Неге тап осы оқу-ағарту саласында қателесеміз.