Инспектор браконьермен қалай күресу керек?

Бағдарлама қонағы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Браконьерге ескерту жасудың өзі қауіп төндіретін заман болып отыр. Елдегі оқиғалар соған негіз.

1-сұрақ: Табиғат қорғаушылары қашанғы қорғансыз жүреді деп келетін сауал шын мәнінде бұл саладағы өзекті мәселені байқатады. Және әлгі құзырлы өкілдерді кімдердің басынатынын қоғам жақсы білетін секілді. Инспектор браконьермен қалай күресу керек?

2-сұрақ: Біздің ел аңқұмар болып барады. Аңқұмар болғанда да оны кәсіп қылып, мүйізіне бола, еті үшін қырып салатындар бар. Ермек етіп, тағы да сол табиғатқа қастық жасайтындар бар. Дерек не дейді?  Ұсталғандары қанша? Ұсталмай кететіні ше?

3-сұрақ: «Аң сиреп барады» деп дабыл қағады мамандар. Есебін сіздер білесіздер ғой. Жалпы ахуал қандай? Сирегені қайсы, көбейгені бар ма?

4-сұрақ: Орман өрті туралы ақпараттан аяқ алып жүре алмайсыз. Жазым шығар. Төтеннен тұтанады. Сақтық шаралары пысықтала ма? Тағы не істелінуі керек?

5-сұрақ: Ұлттық парктер мен қорықтар жайын білсек. Сіздің әлеуметтік желідегі сүйінші суреттер көңілді қуантады. Оң өзгерістер бар ма?