Оқулықтың сапасы қашан түзеледі?

1-сұрақ: Оқулықтың сапасы қашан түзеледі? Осы оқулықтарды бала түгілі мұғалім түсінбейтін дәрежеге жеттік. Неге? Алдағы уақытта басылып шығатын кітаптар сапалы болады деп сене аламыз ба?

2-сұрақ: Әліппені қайтаратын болдық. Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жасалған әліппені. Бірақ латын қарпіне әлі де түзетулер енгізілуі мүмкін. Сонда әліппе қалай жазылады?

3-сұрақ: Жалпы осы әліппені, оқулықтарды кімдер дайындайды? Ол жұмысты да тендер жарияланып, аз ақшаға келіскендер атқара ма?

4-сұрақ: Бастауыш сыныптарды бесжылдыққа көшірудің пайдасы қандай? Білім беру саласында басқа қандай жаңашылдықтар бар?

5-сұрақ: 12 жылдық білім беруге көшеміз деп жылда айтып, жылда кейінге қалдырамыз. Бұған басты себеп не?