loader


Теңгенің тұрақталуына Ұлттық банктің шешімі көмектесті ме?

Сондай-ақ Қазақстанда ауқымды дағдарысты еңсеруге жетерлік қор бар. Бірақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны тұрақтандыру керек. Үкімет шұғыл түрде дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар пакетін ұсынуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында осындай тапсырма берді. Сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамту мәселесіне де тоқталды.

Осы тақырыпта студияға экономист Сапарбай Жобаев келіп, журналист сауалдарына жауап берсе, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Талғат Демесінов тікелей байланысқа шығып өз пікірін білдірді.