Ашаршылық: саяси баға берілді ме?

Тарихшыларымыз ашаршылыққа ұшырамасақ осы күні халық саны 40-50 миллионға жетіп қалар еді дегенді жиі айтады. Аштық алқымнан алмай тұрғанда қазақ саны 10 миллиндай болған деген дерек бар. КСРО мемекеттік мұрағатынан табылған құжаттарда осылай деп жазылған. Анығы, сол тұста түркі халықтарының ішінде адам саны бойынша ең көбі қазақтар еді. Болшевиктердің кесірінен қандастарымыздың жартысынан көбінен айырылдық.

Сол жылдары Кеңес үкіметінің сұрқия саясатынан зардап шеккен украиндар бұл нәубетті «геноцид» деп таныды. Ал біз осы мәселені әлі күнге дейін ашып айта алмай отырмыз. Көкейде неге деген сұрақ бар.