Мүлік иелерінің бірлестігіне қашан көшеміз?

Алайда бұл өзгеріс межеленген мерзімде іске аспайтын сыңайлы. Алдымен 1 жылға шегерілетіні жайлы хабарланса, кейін жауапты министрлік өкілдері бұл өзгеріске қатысты заңнамалық түзетулер әлі де талқыланатынын айтты. Сарапшылар Пәтер иелері кооперативінен Мүлік иелерінің бірлестігіне көшу туралы реформадан қайыр болмағанын растау керек дейді. Осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Берікқызы Асылай сауалдарға жауап береді.

1. Осы өзгеріс неліктен кешеулеп қалды, әлде, уақыттан бұрын дүрлікпеге жол бергендер болды ма? 

  1. Пәтер иелері кооперативінен Мүлік иелерінің бірлестігіне көшу процесінің ұзаққа созылуы оның механизмі шикі жасалғандықтан болып отыр ма? 
  1. Басқарудың жаңа үлгісіне көшу жөніндегі заңнамалық түзетулер көптің көңілінен шықпағанына қарамастан әлі ұсынылып жатыр. Сіздің ойыңызша, осы құжатты тағы немен толықтыруға болады, не жетіспейді? 
  1. Бұл мәселеде тағы қандай шара қолдануға болады, қай тәсіл тиімді болар еді?