378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сақшы. Көлік ұрлау

  • 555

Көлік ұрлау әрекеті Қазақстандағы әрбір көлік жүргізушісің үрейін туғызады. Себебі көп жағдайда қымбат көліктермен қатар арзан көліктер де қолды болып жатады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылы елімізде 2600-ден астам көлікті айдап әкету қылмысы тіркелген. Көлік ұрлау қылмысы бойынша көш бастап тұрған – Алматы қаласы. Мұнда 260 көлікті айдап әкеткен. Екінші орында – Қарағанды облысы, 78 көлік ұрланған. Үшінші орында – Қостанай облысы, 67 автокөлік қолды болған. Көлік ұрлаушылардың ресми емес базасына сәйкес, көп жағдайда автокөліктер сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері ұрланады. Ал сенбі және жексенбі күндері көлік ұрлаушылар демалғанды жөн санайды.

Хабар 24 телеарнасы