384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сақшы. Бейбіт күннің батырлары

  • 1007

Жер сілкінісі, техногенді апаттар, алапат өрт оқиғалары мен қылмыстар. ІІМ қызметкерлері аталған жайттарға байланысты жедел әрекет етеді. Өрт сөндірушілер зардап шеккендер мен жараланғандарға көмек көрсету үшін қызыл жалынның қақ ортасында түсіп, жылдам әрі батыл әрекет етуі шарт. Мұның бәрі экстремалды жағдайда, ауыр құрал-жабдықтарды иыққа асқан күйде жүзеге асады. Полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қорғау міндеттелген. Қатардағы қызметкер күн сайын қылмыстық ортадан табылып, тәуекелге бел буады. Терроризммен күрес, тұтқынға алынған азаматтарды босату, қауіпті қылмыскерлерді ұстау, қарсыластың тылындағы барлау операциялары, полиция және арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері мұнымен шектелмейді. Бүгін біз бейбіт күннің батырлары туралы сөз етеміз.

Хабар 24 телеарнасы