374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сақшы. Балаларға қатыгездік таныту

  • 252

Балаларға қатыгездік таныту - өмір бойы зардабын тигізер жаһандық мәселе. Өкінішке қарай, бұл жағынан Қазақстан да басқа елдерден қалысар емес. Кәмелетке толмаған балаларды құрбан еткен қылмыстар арасында мүлікке, жеке тұлғаға, қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және адами болмысқа қарама-қайшы қылмыстар басым түседі. 2017 жылы кәмелетке толмаған балаларға қатысты жасалған қылмыстық заң бұзушылықтардың саны 29,3%-ке азайды, алайда аса ауыр және ауыр қылмыстар саны көбейді. Мысалы, былтыр балаларды өлтіру 44,4%-ке артқан. 39 қылмыстың 22-ін жақын туыстары жасаған.  Олардың арасында ата-анасы, ата-әжесі, ағасы бар. Мұндай қылмыстардың жасалу әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Негізінен жеткіншектерді өртеп, буындырып, сондай-ақ суық қарудың көмегімен өлтіреді.

Хабар 24 телеарнасы