Сақшы. Соңғы 25 жылда Қазақстанда 2 млн ұрлық жасалған

Соңғы 25 жылда Қазақстанда 2 млн ұрлық жасалса, оның 1,5 млн түбегейлі ашылмаған. Тек соңғы 5 жылда ұрлықтан болған залал 70 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда өзгенің мүлкін ұрлау фактісі 11,9 пайызға азайған. Десе де құқық бұзушылықтың бұл түрі барлық қылмыстың 52,6 пайызын құрап отыр.