Сақшы. Тайғақ кезіндегі қауіпсіздік
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қыс кезінде денеге келетін зақымдар екі-үш есеге артып, мүгедектіктің 15-20 пайызына себеп болады. Жолдардың қолайсыздығы салдарынан жол-көлік оқиғаларынан болатын зардаптар әдеттегі 1 пайызға қарағанда қыс кезінде 3 пайызға жиілейді. Олар жиілеп қана қоймай, ең ауыр жағдайларға, көбіне-көп өлімге алып келіп жатады.