Биыл 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады. Нұрлан Атшабаров
Қазақстан халқының 98,9%-і ауызсумен қамтылған. Биыл бұл көрсеткіш 100%-ке жуықтауы тиіс.
Қандай жобалар жүзеге асуда? Су тапшылығы мүлде жойыла ма? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға бүгінгі студия қонағымен бірге жауап іздейміз. «Су шарушашылығы» қауымдастығының президенті Нұрлан Атшабаров бүгін студияда қонақта.
1. Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауызсу мәселесі әлі де өзекті деп айтылды. Бұл аймақтарда қандай негізгі қиндықтар бар?
2. Қазіргі заңнамалық база халықты 100% таза ауызсумен қамтамасыз етуге жеткілікті ме? Әлде қосымша заңдар қабылдау қажет пе?
3. Үкіметтің халықты ауызcумен қамту жоспары жыл соңына дейін толықтай жүзеге асуға тиіс. Қазіргі көрсеткіш 98,9% шамасында.
Биылғы меже – 420 елді мекенді сумен қамту. Жұмыс неден басталады? Қай елді мекендерді бірінші кезекте?
4. Қала тұрғындарының 99%, ал ауыл халқының 97%-і ауызсумен қамтылған. Қалған 3% ауыл халқы үшін қандай шешімдер қарастырылып жатыр?
5. Биыл 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады деп жоспарланған. Қазіргі таңда бұл жұмыстың қандай бөлігі аяқталды?
6. 67 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады дедік. Бұған дейін олар қандай әдіспен су алып келді?
7. «Қазсушар» және басқа да кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы жеткілікті ме?
8. Су жүйелерінің тозу деңгейі қандай? Әсіресе, ауылдық жерлердегі ескі инфрақұрылымды жаңарту қаншалықты өзекті?
9. Су инфрақұрылымын дамытуда қандай қиындықтар бар? Су тазарту қондырғыларының тозу деңгейі қандай?
10. Қазіргі заманғы технологиялар қалай енгізіліп жатыр?
Спикер: Атшабаров Нұрлан Бақытжанұлы, «Су шарушашылығы» Қауымдастығының президенті.