ШҚО-да жолдардың төлқұжаты жоқ
Шығыс Қазақстан облысында аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың төлқұжаты жасалмаған.
Бұл жолдардың сапасы, ұзындығы мен техникалық жай-күйі туралы нақты ақпарат алуды қиындатады. Кейбір жолдардың құжаттары болғанымен, онда көрсетілген мәліметтер ескірген. Сарапшылардың пікірінше, бұл ел көлеміндегі өзекті мәселе. Жолдардың басты құжаттарын жаңарту қаржыландыруға тікелей байланысты. Мамандардың есептеуінше, бір шақырым жолды тексеру құны шамамен 140 мың теңге. Дегенмен, IT жобаларды енгізу арқылы бұл процесті жеңілдетуге мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар жолдарды төлқұжаттау жұмыстары басталды. Ал аудандық жолдар бойынша нақты мерзім белгісіз.
Дархан Мұратбек, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШҚО филиалының инженері:
- Дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды,екіншіден жөндеу жұмыстарын тағайындаған кезде,жол туралы дұрыс мәліметтер болмағандықтан, ведомствалық сараптама өткен кезде немесе жоба жасалған кезде бұл кедергі тудырады.