Елдегі еңбек нарығының жай-күйі. Ерлан Райғаниев

Ерлан Райғаниев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары

Елде мигранттар көбейді. Бұл еңбек нарығына қалай әсер етіп жатыр? Жұмысшы күші тапшылығы мен шетелдік мамандардың көбеюі еңбек нарығындағы қарама-қайшылықты арттырмайды ма?  

1. Елде жұмысшы жоқ деп шетелден тартып жатамыз. Себебі не? Мысалға кей шетелдік компаниялар өз елінің адамдарын әкеледі. Бұл қаншалықты заңды? Жалпы олар қанша маман немесе жұмысшы әкелуге құқылы?

2. Біздің мамандарымыз өзге елге барып жұмыс істейді. Әрине кәсіби маман айти саласы, дәрігер секілді қат мамандық иелері жоғары табыс тапқысы келіп қандай да бір келісім шарт негізінде кетуі мүмкін. Білікті маманға қай елде зәру. Ал маусымдық жұмыстарға жегілетін азаматтар үшін өз елімізде жұмыс табылмай ма? Мысалы, малшы, бақташы, көкөніс жинауға қол күшін таба алмай жатқандарды білеміз. Бұл неліктен? 

3. Жалпы жұмыс күшінің миграциясы шекара ашық болған соң қай уақытта да белсенді жүреді. Дегенмен, мұны тоқтату немесе азайтуға қандай да бір мүмкіндік бар ма? Қандай шаралар атқарылып жатыр?