Балалар спорты – ұлт саулығының негізі. Мейрамғазы Сапарғалиев

1. Тәні саудың – жаны сау демекші, ұлт саулығы қашан да Мемлекет басшысының қаперінде. Жуырда ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда: «Әрбір облыс, аудан орталығында, кент пен ауылда балаларға арналған футбол алаңы болуға тиіс», - деп ата өтті. Бұл тапсырманың орындалуына екі жыл мұршат берілді. Қазір жұмыстар басталып кеткен шығар?

2. Жалпы еліміз бойынша қанша стадион бар? Балалардың спортпен айналысуына қандай мүмкіндіктер жасалған?

3. Талдықорғанда көркем гимнастикаға арналған әмбебап кешеннің құрылысы басталды. Нысан қарашаның соңына дейін пайдалануға беріледі. Сол кезде 90 бала заман талабына сай жабдықталған залда жаттыға алады. Биыл Лепсі және Қабанбай ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру мекемелері бой көтереді. Ғимараттардың құрылысына жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар Қарашоқы, Сарбастау, Алмалы, Талапты елді мекендерінде блокты-модульді кешен, ал Кәлпеде демеушілер есебінен үстел теннисі орталығы салынады. Жалпы Жетісу облысы құрылғалы аймақта жиырмадан аса спорт нысаны ел игілігіне берілді.

4. Қалалар мен аудан орталықтарында жағдай бірсыпыра жақсы шығар. Ал, ауыл балаларына қандай жағдай жасалған?

5. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт түрлері, олармен айналысуға арналған арнайы спорт орталықтары, не болмаса спорттық кешендер бар ма? Жоқ болса, оларды салу жоспарда бар ма екен?

Спикер: Мейрамғазы Сапарғалиев, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі.